АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторына қатысты жоспарын іске асыруға арналған келіссөздер уақытша тоқтатылды.
Рейтердің хабарлауынша, бұған Иранға қарсы АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда әскери операция бастауы себеп болған. Трамптың анклавқа қатысты бағдарламасы ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру, секторды қалпына келтіру жұмыстарын қамтыған еді. Алайда Ақ үй келіссөз тоқтағанымен талқылау жалғаса беретінін алға тартады. Түпкі мақсат – Газадағы жағдайды тұрақтандырып, аймақ экономикасын аяққа тұрғызу.
Тегтер #Газа #АҚШ #Трамп #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz