RU
Толық нұсқаға өту

Кенияда су тасқынынан 45 адам опат болды

10.03.2026, 20:20 148

Кенияда жауын-шашын тасқынға ұласып, салдарынан 45 адам опат болды. Тағы 9-ы хабар-ошарсыз кетті.

Әсіресе ел астанасы Найробиде жағдай қиын. Қаладағы кейбір су басқан аудандарда тұрғындарды тоқ соқса, енді бірін су ағызып әкеткен. Екі мыңнан астам адам баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшті. Әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатты. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар табиғи апаттың өршуіне тозығы жеткен дренаж жүйесі мен жол инфрақұрылымы себеп болды деп отыр. Ел президенті Уильям Руто зардап шеккендердің ем-домы мен опат болғандарды жерлеу рәсімдерін үкімет толық өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz