RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу қойылды

10.03.2026, 20:40 157

Күн райының күрт салқындауына байланысты бүгіннен бастап Өзбекстандағы газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, магистральдық газ құбырларындағы қысым төмендеген. Бұл уақытта газ бірінші кезекте тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға беріледі. Сондықтан 10 наурыздан бастап станциялар сағат күндізгі төртке дейін ғана жұмыс істейді. Жалпы Өзбекстанда көгілдір отын тиісті мөлшерден аз өндіріледі. Оның біраз бөлігі Қытайға экспортталып жатыр. Салдарынан ішкі нарық қиындыққа тап болды. Былтыр Өзбекстан Қытайға 773 млн доллардың газын сатты. Екі ел арасындағы келісім бойынша ресми Ташкент Бейжіңге жыл сайын 10 млрд текше метр газ жөнелтуі тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz