RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның 10 елдегі сайлау учаскесі жабылады

10.03.2026, 22:00 240

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты, 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтайды.

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі мәлімдеді. Бұл шешім референдум өткізу мәселелері бойынша құрылған арнайы штабтың нұсқауымен қабылданды. Шешімге сәйкес, Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, сонымен қатар Украина және Эфиопиядағы елшіліктер жанындағы учаскелері жабылады. Референдум кезінде 54 елде 71 учаске жұмыс істейді. Ал шетелдегі жалпы сайлаушылардың саны 14 мың 230 адам.

Ерлан Жетібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта 10 халықаралық және өңірлік ұйымнан шет мемлекеттердің 27 орталық сайлау комиссиясынан, сондай-ақ Қазақстандағы кредиттелген дипломотиялық корпустан жалпы 336 халықаралық байқаушының қатысуы жоспарланған. Референдумды 30 елден 68 шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдарының 185 өкілі сүйемелдеуді жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz