RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде тұрғын үй бағасы құбылып тұр

11.03.2026, 08:49 164

Еуропада тұрғын үй қымбаттады.

Eurostat деректеріне сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанында Еуроодақта баспана құны орта есеппен 5 жарым пайызға өскен. Бағаның шарықтауына урбандалу деңгейі, халық санының өсуі және жаңа тұрғын үйлердің жеткіліксіз салынуы себеп, дейді мамандар. Сөйтіп, ең жоғары өсім Мажарстанда. Мұнда баспана құны бір жылда 21,1%-ға артқан. Одан кейін Португалия 17,7, ал Болгарияда 15,4% өсім байқалған. Ал кей елдерде үй бағасы керісінше төмендеген. Мәселен, Германияда 10,2%-ға,. Люксембургте 8,3, ал Финляндияда 5,6%-ға арзандаған.

Ең жоғары өсім көрсеткен елдер:

                •             Мажарстан   +21,1%

                •             Португалия  +17,7%

                •             Болгария  +15,4%

Тұрғын үй бағасы төмендеген елдер:

                •             Германия  -10,2%

                •             Люксембург  -8,3%

                •             Финляндияда -5,6%

Дереккөз: Eurostat   

Дубайда баспана арзандады

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жағдай да белгілі. Таяу Шығыста шиеленістің күшеюі себепті Дубайда үй бағасы шамамен 20 пайызға төмендеген. Дағдарыстың әсері туризм саласында да байқала бастады. Бұған дейін бір тәулігі 400 еуро тұратын қонақ үйлердің бағасы қазір 65-70 еуроға дейін арзандаған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz