Кенияда жауын-шашын тасқынға ұласып, салдарынан 49 адам опат болды.
Тағы ондаған адам із-түссіз жоғалған. Әсіресе ел астанасы Найробиде жағдай қиын. Қаладағы кейбір су басқан аудандарда тұрғындарды тоқ соқса, енді бірін су ағызып әкеткен. Екі мыңнан астам адам баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшті. Әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатты. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Тегтер #Кения #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz