Ирандағы АҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы кезінде 140 америкалық сарбаз жараланды.
Бұл туралы Пентагон өкілі Шон Парнеллге сілтеме жасаған The Hill басылымы хабарлаған. Оның айтуынша, 8 жауынгер ауыр халде жатыр. Тағы 108-і ем қабылдап, әскери қызметке қайта оралған. Бұдан бөлек, қақтығыс басталғалы АҚШ-тың жеті сарбазы көз жұмды. Құрама Штаттардың Қорғаныс министрі Пит Хегсет Иран аумағындағы соққыларды күшейтетінін мәлімдеді.
Тегтер #Иран #АҚШ #сарбаз #ПентагонPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz