RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранның 16 кемесін атқылады

11.03.2026, 16:42 147

АҚШ Ормуз бұғазы маңындағы Иранның 16 кемесін атқылады. Бұл туралы Құрама Штаттардың Қарулы күштерінің қолбасшылығы хабарлаған. 

Операция Иран бірнеше ондаған теңіз минасын орнатып жатыр деген ақпараттан кейін қолға алынды. Дональд Трамп жарылғыш заттарды тез арада залалсыздандыру керек деген пәрмен берген. Ислам төңкерісі сақшыларының корпусы АҚШ пен одақтастарының кемелерін өткізбес үшін зымырандар мен сүңгуір қайықтарды қолданатынын ескертті. Кеплер консалтинг компаниясының мәліметі бойынша, Ормуз бұғазы әлемдік экономика үшін жоғары стратегиялық мәнге ие аймақ. Ол жер арқылы былтыр 13 миллион баррель мұнай тасымалданған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz