Жапон халқы зілзала мен цунами құрбандарын еске алды.
2011 жылдың 11 наурызында Күншығыс елінің солтүстік-шығысында жер сілкініп, алапат толқын Фукусима-1 атом электр станциясы аумағында мыңдаған адамды мерт қылған еді. Салдарынан үш реактор зақымданып, радиоактивті ластану 1700 шаршы шақырымнан астам аумаққа тарады. Жиында Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити елде табиғи апаттарды басқару агенттігі құрылатынын мәлімдеді. Жаңа құрылым төтенше жағдайларға жедел әрекет ететін негізгі орталық болмақ. Айта кетейік, қалалар мен елдімекендерді жермен жексен еткен Фукусимадағы апат кезінде 164 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланып, 22 мыңнан көп адам қаза тапқан.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жапония #зілзала #цунами #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz