Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс ушықса, әлемдік мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.
Бұл туралы Иранның әскері «Хатам әл-Анбия» орталық штабының өкілі Ибрахим Зольфагари мәлімдеді. Ол Тегеран АҚШ, Израиль және олардың одақтастарының пайдасы үшін Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдауға жол бермейтінін ескертті. Осы мақсатта жүрген кемелер бірден нысанаға алынбақ. Сонымен бірге Зольфагари қақтығыс бүкіл аймақты шарпыса, әлемдегі энергетика нарығы тұрақсызданып, мұнай бағасы күрт көтеріледі деп топшылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #қақтығыс
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz