RU
Толық нұсқаға өту

G7 Таяу Шығысқа қатысты келісімге келді

12.03.2026, 10:20 111

«Үлкен жетілік» елдері Таяу Шығыстағы кемелердің емін-еркін қозғалуына жағдай жасау мақсатында ортақ келісімге келді.

Бұл туралы қақтығыстың экономикалық салдарына арналған видеоконференцияда Франция президенті Эмманюэль Макрон мәлімдеді. Ол кеме жүрісін қалпына келтіру жұмысы 3 бағытты қамтитынын жеткізді. Яғни өз күштерін Жерорта теңізінің шығысына орналастырып, Қызыл теңізде Суэц каналынан Баб әл-Мандеб бұғазына дейінгі аралықта кеме қатынасына жол ашу көзделіп отыр. Және Ормуз бұғазындағы кемелердің емін-еркін өтуі үшін әскери-теңіз күштерін жұмылдыру қарастырылған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz