Иран билігі Минаб қаласындағы қыздар медресесіне соққыны АҚШ жасағанын дәлелдейтін айғақтарды көрсетті.
Бейнежазбаны «Рейтер» агенттігі жариялады. Қанды оқиға орнынан табылған зымыранда «АҚШ-та жасалған» және «Рейтеон» деген жазулар бар. Бұл – америкалық әскери-өнеркәсіптік компанияның атауы. Бөлшектерде олардың өндірілген күні мен сериялық нөмірі көрсетілген. АҚШ шабуылға қатысы барын жоққа шығарып әлек. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының бірінші күні, яғни 28 ақпанда «Минабтағы» қыздар мектебі 2 рет зымыранмен атқыланып, 165 адам қаза тапқан еді. Құрбандардың көбі – оқушы қыздар. Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Есмаил Багаи «Бұл қылмыстық әрекеттерге АҚШ пен Израиль жауапты» деп мәлімдеді. Ал «Нью Йорк Таймс» басылымының жазуынша, АҚШ-та жүргізіліп жатқан әскери тергеудің бастапқы нәтижесі бойынша, соққылар қателікпен жасалған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #АҚШ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz