RU
Толық нұсқаға өту

Жапония қоймадағы мұнайын шығарады

12.03.2026, 11:30 119

Жапония да қоймадағы мұнай қорын шығаруға шешім қабылдады. Бұған Таяу Шығыстағы соғыс себеп.

Жапон премьер-министрі Санаэ Такаичи арнаулы баспасөз мәслихатын өткізіп, түсініктеме берді. Қоймадан 45 күнге жететіндей мұнай алынады.

Санаэ Такаичи, Жапония премьер-министрі:

- Шикі мұнай таситын кемелер Ормуз бұғазынан өте алмай қалды. Осы айда мұнай импорты күрт төмендейді деп күтеміз. Жапония әлемдегі басқа елдерге қарағанда Таяу Шығысқа қатты тәуелді. Жанармай және басқа отынның тапшылығын болдырмас үшін біз «Үлкен жетілік» және Халықаралық энергетика агенттігімен бірлесе отырып, осындай қадамға бардық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz