RU
Толық нұсқаға өту

Иранның жаңа көсемі жараланғаны туралы ақпарат расталды

12.03.2026, 23:27 37

Иран Сыртқы істер министрлігі елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің жарақат алғаны туралы ақпаратты растады.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді. Қазір көшбасшының жағдайына қауіп төніп тұрған жоқ. Жуырда қаза болған Ислам мемлекетінің рухани жетекшісі Али Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи 8 наурызда жаңа қызметіне тағайындалған еді. Оның жараланғаны туралы New York Times газеті ирандық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады. Басылымның деректеріне сенсек, Моджтаба Хаменеи Израиль мен АҚШ тарапынан жасалған шабуылдың алғашқы күнінде жарақат алған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz