Ирактың батысында АҚШ-тың жанармай құюшы KC-135 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы хабарлады.
Әскерилердің айтуынша, апат 2 ұшаққа қатысты болып отыр. Біріншісі құлап, екіншісі зақымданғанымен, Израиль аумағына аман-есен қонған. Сондай-ақ әуе кемелеріне оқ атылмағанын, оқиғаның аймақтағы қарулы қақтығысқа қатысы жоқтығын мәлімдеді. CBS News телеарнасы құлаған ұшақта 6 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ирак #ұшақ апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz