RU
Толық нұсқаға өту

Тайвань АҚШ-тан қару-жарақ сатып алуы мүмкін

13.03.2026, 23:30 77

Тайвань АҚШ-тан қару-жарақ сатып алуы мүмкін. Рейтердің хабарлауынша, үкімет енгізген жобаны жергілікті парламент мақұлдаған.

Тізімде дүркіндеп ату реактивті жүйелері, танкке қарсы зымырандар мен дрондар бар. Ұсынысты АҚШ-тың өзі жасаған. Оның мерзімі осы айдың аяғында аяқталады. Сондықтан Ақ үй ұсынысты тез арада қарап, түпкілікті шешім қабылдауды жеделдетуді талап еткен. Бұған дейін Тайваньнның қорғаныс бюджетіне қатысты саяси дауларға байланысты сатып алулар тоқтатылған. Парламентті басқарып отырған оппозициялық партиялар үкіметтің жоспарында нақтылықтың жоқтығын сынап, қару-жарақ сатып алуға қаржы бөлу жоспарын мақұлдаудан бас тартқан еді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz