Таяу Шығыстағы жағдай мұнай саласын шатқаяқтатты. Қара алтын өндірісі жөнінен әлемнің жетекші компаниялары 15 млрд доллар жоғалтты.
Файнэншел таймс басылымының дерегіне сүйенсек, өнімдерін Ормуз бұғазы арқылы экспорттайтын Парсы шығанағы елдері шығынға батуда. Сауд Арабиясына 4,5 млрд доллардан аса залал келген. Қатар 500 млн доллар жоғалтты. Ал экономистер Ирактағы жағдайдың қиын екенін айтады. Бұл елдің бюджетінің 90% кірісін мұнай өнімдері құрайды. Жалпы бұған дейін Ормуз бұғазы арқылы әлемдегі барлық мұнай жеткізілімдерінің шамамен 20%-ы тасымалданған. Басылымның мәліметінше, қазір өткел маңында құны 10 млрд доллардан асатын шикізат тиеген танкерлер кептеліп тұр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #қара алтынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz