Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва дизель отынына салынатын федералдық салықты алып тастады.
Оның орнына өндірушілер мен импорттаушыларға көмекқаржы берілмек. Билік бұл жеңілдіктер дизель бағасын шамамен 12 центке арзандатуы мүмкін деп сенеді. Мемлекет басшысының айтуынша, "шешім қабылдауға Таяу Шығыстағы соғыс әсер еткен". Бұдан бөлек ішкі нарықты қорғау үшін мұнай өнімдерін экспорттауға салық салу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Бразилия әлемде мұнай өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді. Бірақ қайта өңдеу қуаты аз болғандықтан дизель отынының 30 пайызын сырттан сатып алады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бразилия #дизель отыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz