Қытай АҚШ-қа ескерту жасады.
Елдің қорғаныс министрлігі жасанды интеллектінің әскери салада шамадан тыс қолданылуына қарсы. Көрші мемлекеттегілер өмір мен өлімді алгоритмдерге анықтауға мүмкіндік беруге болмайды деп санайды. Егер қолданған күннің өзінде бұл салада басымдық адамда болуы тиіс. Бұл жөнінде ресми өкіл Цзян Бинь мәлімдеді.
Айтуынша, жасанды интеллектті өзге елдердің егемендігін бұзу құралы ретінде пайдаланып, оған соғыста шешім қабылдауға мүмкіндік беру жауапкершілікті бұзып қана қоймайды. Түбі технологиялық толқу қаупін тудыруы мүмкін. Айта кету керек, бұл мәлімдеме АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі өз компанияларынан армияда жасанды интеллект технологияларын шексіз пайдалануға рұқсат беру туралы талап қойғаннан кейін жасалып отыр.
Цзян Бинь, Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Қытай әрқашан жасанды интеллектті әскери салада қолдануда адамның артықшылығын қорғау керек және барлық тиісті қару-жарақ жүйелері адамның бақылауында болуы керек деп есептейді. Абсолютті әскери басымдыққа қол жеткізу немесе басқа елдердің егемендігі мен аумақтық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың артықшылығын пайдалануға қарсымыз.
Тегтер #Қытай #жасанды интеллект #АҚШ #әскер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz