RU
Толық нұсқаға өту

54 елде 71 референдум учаскесі жұмыс істейді

15.03.2026, 09:05 106

Референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты 10 елдегі 11 учаске жұмыс істемейді. Бұлар Иран, Израиль, Иордания, Қатар және БАӘ-дегі екі учаске, сосын Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия елдерінде орналасқан. Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 мың 380 адам. Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 08:00-ге дейін жалпы 23 референдум учаскесі ашылып, 198 адам дауыс берген. Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Ол Астана уақытымен бүгін кешкі сағат 19:00-де жұмысын бастап ертең таңғы сағат 08:00-де жабылады.  

Арман Исетов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмайды. Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 мың 380 адам. Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылатын болады.

Иран

Израиль

 Иордания

Қатар

 БАӘ 2 учаске

 Оман

Ливан

 Кувейт

Украина

Эфиопия 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz