Жаңа Конституция жобасы жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып Қытайдағы дауыс беру учаскелері ашылды.
Бейжіңдегі учаске жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр.
Қытай елінде бүгін 4 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан. Учаскелер осы шаһарлардағы дипломатиялық өкілдіктердің аумағында ұйымдастырылып отыр. Біз еліміздің Бейжіңдегі елшілігінің ғимаратында ашылған №421-ші референдум учаскесінен ақпарат таратамыз.
Қысқаша тоқталып кетейін. Бұл жерде бірден бірнеше адам кіріп дауыс бере алатындай жағдай жасалған. Қақ ортада бюллетень жәшігі тұр. Дауыс берушілерге арналған бөлек-бөлек оқшауланып орналасқан бөлме. Референдум комиссиясы науқан барысын мұқият бақылап отыр. Учаске жергілікті уақытпен таңғы 7:00-де ашылды. Содан бері уақыт 4 сағаттан асты. Дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бейжіңдегі бұл учаскеде 261 азамат тіркелген. Негізінен дауыс берушілер Қытайда қызмет атқарып жүрген дипломаттар, ұлттық компания өкілдері, олардың отбасы мүшелері. Сонымен қатар осы елде оқып жүрген студенттер мен іс-сапарда және туристік мақсатта жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Рахымжан Рахимов, №421 учаскесінің комиссия төрағасы:
- Қазіргі уақытта 70 адам дауыс берді. Сонымен қатар ҚХР бойынша Шанхай қаласында 458-ші, Сиань қаласында 510-шы, ал Гонконгта 457-ші учаске ашылды.бізге сағат сайын ақпарат келіп жатыр.Соңғы мәлімет бойынша Гонконгта 20 адам, Шанхайда 10 адам, ал Сианьда 50 адам дауыс берді.
Жалпы дауыс берушілер белсенді деп айтуға болады. Шетінен келіп өз таңдауын жасап жатыр. Дауыс беру Қытайда жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін белгіленген тәртіппен бюллетендер елге жөнелтіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституция #Қытай #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz