RU
Толық нұсқаға өту

Малайзияда қазақстандық төртем референдумда дауыс берді

15.03.2026, 19:09 78

Әлихан, Әлижан, Зарагүл мен Зерегүл Жайылхандар қазір 19 жаста.

Олар Куала-Лумпурдағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүр. Жастар елдегі қоғамдық-саяси өмірден шет қалмау маңызды екенін айтады. 

Әлижан Жайылхан, дауыс беруші:

- Мен 19 жастамын. Қазір APU (ЭЙ-Пи-Ю) университетінде білім алып жүрмін. Бүгін референдумға алғаш рет қатысып, дауыс бердім. Мен мұнда ағам және екі қарындасыммен бірге келдім. Менің ойымша, қазіргі жастар дауыс берудің маңыздылығын жақсы түсінеді. Сондықтан біз өз таңдауымызға жауапкершілікпен қараймыз.

Зарагүл Жайылхан, дауыс беруші:

- Шетелде білім алып жүргенімізге қарамастан еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу біз үшін маңызды. Бұл ел тағдырына бейжай қарамайтынымызды көрсетеді. Менің ойымша, жастардың заңдарды, Конституцияны біліп, осындай саяси іс-шараға белсенді қатысуы өте маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz