Малайзия мен Сингапурдағы дауыс беру учаскелері өз жұмысын аяқтады.
Референдумға осы елде жүрген азаматтардың қатысу белсенділігі 100 пайыз болды. Куала-Лумпурдағы саяси науқанға 125 қазақстандық қатысты. Олардың қатарында Малайзия жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттер, еңбек етіп жүрген отандастарымыз бар. Дауыс беру процессі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, заң бұзушылық тіркелген жоқ.
Қыран Орынбеков, №423 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
- Малайзиядағы азаматтарымыз белсенділік көрсетті. Олардың көбісі біздің осында оқып жүрген жастарымыз. Себебі Малайзиядағы қазақстандықтардың басым бөлігі++өзіміздің жастар, жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттеріміз.
Ал Сингапурда референдумға 50 қазақстандық қатысты. Олардың басым бөлігі халықаралық компанияларда жұмыс істейтін азаматтар мен жергілікті университеттерде білім алып жатқан студенттер. Комиссия мүшелерінің айтуынша, Сингапурда да дауыс беру процессі қалыпты өтті.
Әйгерім Раисова, №449 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі:
- Сингапурда дауыс беруге осы елде тағылымдамадан өтіп жүрген және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша келген Қазақстан азаматтары да белсенді қатысты. Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша барлық бюллетеньдер пайдаланылды.
Тегтер #Малайзия #Сингапур #дауыс беру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz