RU
Толық нұсқаға өту

Анкарада референдум мерекелік фестивальмен жалғасты

15.03.2026, 21:28 52

Түркияның әр өңірінде білім алып жүрген қазақстандық жастар Анкараға барып, референдумға белсенді қатысты.

Дауыс беру үшін ондаған қаладан шамамен 1500-ге жуық студент арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Саяси науқаннан кейін іс-шара мерекелік фестивалмен жалғасты. Салтанатты кеште жастар концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Анкарадағы саяси іс-шара шетелдегі қазақстандық жастардың азаматтық ұстанымымен қатар, мәдени тұтастығын да айқындай түсті.

Арайлым Әмірбекқызы, Анкара Қажы Байрам Вели Университетінің магистранты:

- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Жалпы елшілікте басталған референдумнан қазір бізде Казфест атты фестивальге дейін жалғасып отыр. Бұл жерде бізде арнайы концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар өткізіліп жатыр.

Арслан Әкімәлі, Карабүк Университетінің 1-курс студенті:

- Біз Карабүк қаласынан шамамен 98 кісідей келдік. Бәріміз референдумнен кейін елшіліктің ұйымдастыруы бойынша және де Анкара қазақ жастарының ұйымдастыруы бойынша осындай керемет іс-шараға келіп қалған болатынбыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz