Сауд Арабиясындағы референдум учаскелері жабылды.
Дауыс беру науқаны аяқталар сәтте Рияд пен Жиддада жұмыс бабымен жүрген бірнеше отандасымыз азаматтық ұстанымын білдірді. Алдын ала тізімде енгендердің басым көпшілігі ел үшін маңызды үдерістен шет қалмай, конституциялық құқығын қолданды. Референдум учаскесі комиссиясы мүшелерінің айтуынша, дауыс беру заң талаптарына сай өтті. Мамандар қазір бюллетеньдерді жинақтап, Астанаға жөнелтуге кірісіп кетті.
Әмина Мерекеқызы, дауыс беруші:
- Бұл әр қазақстандықтың міндеті деп ойлаймын. Елшілікте мені жақсы жылулықпен қарсы алды. Шетелде жүргеннен кейін еліңді сағынасың. Өз үйімдегідей сезіндім.
Тегтер #Сауд Арабиясы #референдум 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz