Дональд Трамп: «Ормуз бұғазының қауіпсіздігін өткел арқылы мұнай импорттайтын елдер қамтамасыз етуге тиіс», - дейді. АҚШ президенті мұны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. Ол: «АҚШ бұл мәселеде сырт қалмайды.
Бірлескен күш-жігердің арқасында әлем қауіпсіздікке және мәңгілік бейбітшілікке қол жеткіземіз», - дейді. Трамп сондай-ақ Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея аймаққа әскери кемелерін аттандыруы мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені әлемде өндірілетін қара алтынның 20 пайызы Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатыны белгілі. Өңірден шыққан танкерлердің 80 пайызы Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Жапонияға барады.
Тегтер #Дональд Трамп #Иран #Ормуз бұғазы #әлем жаңалықтары #Ирандағы ахуалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz