Қытай Иранның Минаб шаһарындағы мектепте қайтыс болған оқушылардың отбасыларына гуманитарлық жәрдем көрсететін болды. Көрші ел осы мақсатта 200 мың АҚШ доллар бөліп отыр.
Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Ол өз сөзінде қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, Қытай бейбіт тұрғындарға жасалған бей-берекет шабуылдарды айыптайтынын айтты. Еске салсақ, АҚШ-Израиль әскери операциясы кезінде осы білім ошағында 160-тан астам адам көз жұмған еді. Оның басым көпшілігі - оқушы қыздар.
Го Цзякунь, Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Қытай бейбіт тұрғындарға жасалған барлық бей-берекет шабуылдар мен әскери емес мақсаттарды айыптайды. Мектептерге шабуыл жасау және балаларға зиян келтіру Халықаралық гуманитарлық құқықты одан да ауыр бұзу болып табылады және адамгершілік пен ар-ожданның негізін бұзады. Шұғыл гуманитарлық жәрдем береді. Қытай бұдан кейін де зардап шеккен Иран халқына қажетті көмек көрсетуге дайын.
Тегтер #Қытай #гуманитарлық көмек #Иран #оқушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz