Израиль Ливанға шабуыл жасап, Бурдж-Калауйя елдімекеніндегі аурухананың күл-талқанын шығарды. 12 медицина қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы хабарлады.
Ливанның денсаулық сақтау министрі Ракан Насередин бұл әрекетті «адам төзгісіз жағдай» деп айыптады. Жалпы 2 наурыздан бері Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан 850 адам қаза тапқан. Олардың 98-і - бала.
Тегтер #Израиль #Ливан #аурухана #медицина қызметкерлеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz