«Пентагонға Иранмен арадағы соғысқа қосымша қаржының қажеті жоқ». АҚШ Президентінің экономика бойынша бас кеңесшісі Кевин Хассет америкалық CBS арнасына берген сұхбатында осылай деді.
Оның сөзіне қарағанда, Құрама Штаттардың қазіргі әскери бюджеті соғысты аяқтауға жеткілікті. Америка Ислам Республикасына қарсы ұрыс қимылдарына қазірдің өзінде 12 млрд доллар жұмсаған. Сондай-ақ Ақ үй қожайынының кеңесшісі әскери операция белгіленген мерзімнен бұрын аяқталуы мүмкін деп санайды. Мұны АҚШ-тың Энергетика министрі де растайды.
Крис Райт, АҚШ Энергетика министрі:
- Ирандағы әскери операция бірнеше аптада, тіпті одан да ерте бітуі мүмкін. Қақтығыс аяқталған соң, әлемдік нарықта энергетикалық шикізат тасымалы қайта қалпына келеді. Яғни баға төмендейді. Біз бұл жағдай қиындық туғызатынын білдік. Бірақ бұл соғыстан кейін мұнай саудасының жаңа тәртібі орнауы мүмкін.
Тегтер #Пентагон #Иран #соғыс #қаржы #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz