RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мұнай бағасы тағы өсті

16.03.2026, 18:01 37

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта қымбаттап, бір баррелі 100 доллардан асты. Ресми деректерге сай, WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы 101 долларға жетті. 

Ал Brent маркалы мұнай шамамен үш пайызға қымбаттап, бір баррелі 106 доллардан саудаланып жатыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның мұнай инфрақұрылымына соққы жасалуы мүмкін екенін айтқан. Әсіресе ол Харк аралындағы мұнай терминалын негізгі нысан ретінде көздеп отыр. Дәл осы терминал арқылы Иран мұнай экспортының шамамен 90 пайызы тасымалданады. Егер оған соққы жасалса, әлемдік нарыққа жеткізілетін мұнай көлемі тәулігіне 1,5 миллион баррельге дейін қысқаруы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz