Бұған Иранның Парсы шығанағы мемлекеттеріне шабуылы себеп. Мәселен, кейінгі екі аптада Ислам Республикасының әуе күштері тек Біріккен Араб Әмірліктері аумағына 2 мың дрон мен зымыран атқан.
Сондай-ақ Оман, Кувейт, Бахрейн, Сауд Арабиясына да соққы жасады. Сондықтан Араб елдері лигасы Сыртқы істер министрлері келесі жиында осы мәселені күн тәртібіне шығармақ. Мысыр Таяу Шығыста әскери күш біріктіруді 2015 жылы ұсынған еді. Алайда сол кезде бұл идея ұйымға мүше елдер арасында аса қолдау тапқан жоқ.
Тегтер #Иран #Парсы шығанағы #Араб елдеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz