RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та жарты млн адам жарықсыз қалды

17.03.2026, 07:30 54

Біздің елде қардың көбесі сөгіліп, күннің көзі жылыса, АҚШ-та ақтүтек боран соғып тұр. 500 мыңдай адам жарықсыз қалды.

«Рейтердің» хабарлауынша, Миннесота, Мичиган және Висконсин штаттарында қалың қар мен жолдағы көріністің нашарлауына байланысты ескерту жарияланған. 600-ден астам әуе рейсі шегеріліп, мектептер жабылды. Желдің екпіні сағатына 140 шақырымға жеткен.

Метеорологтардың айтуынша, орталық аймақтағы боран қазір шығыс жаққа қарай беталып барады. Ондағы ақ ұлпаның қалыңдығы 60 сантиметрге жетуі мүмкін. Билік тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz