Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясын бастады. Бұл іс-қимыл «Хезболла» мүшелерінің көзін жоюды және қозғалысқа тиесілі маңызды нысандарды талқандауды көздейді.
Осылайша Израиль өз елінің солтүстігіндегі тұрғындарының өмірін қауіпсіз етпек.
Ливандағы «Хезболлаға» қарсы кең ауқымды ұрыс қимылдары Израиль мен АҚШ-тың Иранға шабуылдарынан кейін қайта жанданды. Өйткені «Хезболла» Иранның бұрынғы рухани көсемі Әли Хаменеидің өлімі үшін кек алуға кіріскен.
Тегтер #Ливан #Израиль #Хезболла #Иран #Әли ХаманеиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz