Израильдің Тегерандағы жанармай қоймаларына жасаған соққысы - экологиялық қылмыс. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. Аббас Аракчи Тель-Авивтың бұл әрекетін халықаралық заңға қайшы деп бағалады. Ирандық дипломат: «Мұнай қоймаларына шабуылдың ауыр салдары ұрпақтан ұрпаққа өтуі мүмкін» деп санайды. Оның бұл сөзін экологтар да растап отыр.
Питер Адамс, АҚШ-тағы Карнеги-Меллон университетінің профессоры:
- Ауадағы улы заттар жоғалу үшін кемі 3-7 күн қажет. Бірақ бұл қауіп толық жойылды деген сөз емес. Өйткені зиянды заттар ағып, суға қосылады. Сондай-ақ топыраққа сіңеді. Демек адамның денсаулығына қауіп төндіреді. Өкпеге әсер етіп, жүрек және қан-тамырлары ауруларының асқынуына алып келеді. Бұдан бөлек, қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкелуі мүмкін.
Экологтардың сөзіне қарағанда, бір зымыран жарылғанда ауаға 300 келіге дейін улы зат тарауы мүмкін. Ал Тегеран Эльбурс тауларының етегінде орналасқан. Бұл ауаның қозғалысын тежейді. Мұның салдарынан улы заттар апталап, тіпті айлап тарамауы мүмкін. «Сондықтан жаңа шабуылдардың салдары қазіргі жағдайды одан бетер ушықтыруы мүмкін», - дейді мамандар.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz