Ирак астанасындағы АҚШ елшілігіне жақын маңда тағы зымыранмен шабуыл жасалды.
Жарылыс қаланың «жасыл аймақ» деп аталатын бөлігінде тіркелген. Бұл жерде үкімет ғимараттары мен көптеген шетелдік елшіліктер орналасқан.
Бұған дейін де яғни 14 наурыз күні Бағдадтағы АҚШ елшілігі дрон шабуылына ұшыраған еді. Сол кезде ғимараттың шатырында орналасқан әуе қорғаныс жүйесі жойылып, тікұшақ алаңы зақымданған болатын.
Тегтер #Ирак #АҚШ #зымыран #шабуыл #елшілік #тікұшақ #дронPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz