RU
Толық нұсқаға өту

БАӘ әуе кеңістігін қайта ашты 

17.03.2026, 13:35 55

Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін қайта ашты. Мұны осы елдің азаматтық авиация басқармасы хабарлады. 

Қазір Таяу Шығыстағы ахуал тұрақсыз. Жолаушылар мінген ұшақтарға қауіп көп. Кеше Ираннан ұшырылған дрондар Дубайдағы халықаралық әуежай аумағына құлап, жанармай резервуары өртенген еді. Сондықтан терминал жұмысы уақытша тоқтаған болатын.

Біріккен Араб Әмірліктері Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша,  осы уаққа дейін елдің әуе күштері Ислам Республикасынан ұшырылған 300 баллистикалық зымыран мен 1600-дей дронды дарытпай, қағып түсірді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz