Таяу Шығыста мұнай рекордты көлемде қымбаттады.
"Ес ен Пи Глоубл Платс" ((S&P Global Platts)) агенттігінің мәліметі бойынша, Дубай мен Оман мұнайының мамырдағы партияларының баррелі 153 доллардан сатылып жатыр. Бұған дейінгі жоғары көрсеткіш 2008 жылы 147 доллар болған еді. Сарапшылар Ормуз бұғазында ушыққан жағдай бағаның көтерілуіне тікелей әсер етіп отыр дейді. АҚШ осы аптада бұғазды қорғау бойынша коалиция құру бастамасын жариялайды.
Тегтер #Таяу Шығыс #мұнай #24KZ #Иранмен соғыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz