2050 жылға қарай әлемде мезгілсіз өлім-жітім көбеюі мүмкін. Ғалымдар бұған «ғаламдық жылыну себеп» дейді.
«The Lancet Global Health» журналының жазуынша, климат өзгеруі себепті адамдар аз қозғалатын болады. Аптап ыстық күшейген елдерде, экономиканы дамыту қиын. Алдағы 10 жылда температура тағы 2 градусқа көтерілсе, жаздың аптабына тағы 30 күн қосылады. Бұл әлем халқының 25 пайызына зардабын тигізеді. Яғни адамдар далаға шығудан қалады. Жаяу жүрмейді, спортпен шұғылдану уақыты да қысқарады.
Мамандар: «Ғаламдық жылыну, әсіресе, қан қысымы, холестерині жоғары және семіздікке шалдыққан жандар үшін ауыр сынақ», - дейді.
Тегтер #ғалам #жылыну #өлім жітім #климат #ғалымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz