RU
Толық нұсқаға өту

Еуропа Трампты қолдаудан бас тартты

18.03.2026, 08:10 59

Еуропа Ормуз бұғазының қауіпсіздігін бірлесіп қорғауға шақырған Дональд Трамптың ұсынысынан бас тартты. Бұл туралы «Кәрі құрлық» бірлестігі дипломатиясының басшысы Кая Каллас мәлімдеді.

Ол: «Еуропалық одақ қарулы қақтығысқа қатысуға ниетті емес» деп нақты айтқан. Франция, Италия, Испания және Германия басшылары осы ұстанымда. Ұлыбритания, Австралия, Жапония да осындай шешімге келген.

Осының алдында Трамп НАТО елдеріне бұғазды қорғау бойынша коалиция құруды ұсынған еді. Оның жоспары бойынша, одақтастар танкерлерді алып жүру үшін әскери кемелер жіберуі керек болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz