Парсы елдері АҚШ-тан Иранға қарсы соғысты тоқтатпауды сұрап отыр. Мұны «Рейтер» агенттігі жазды.
Бұрын аймақтағы елдер бейбіт жолды таңдайтын. Алайда Тегеранның қайта-қайта шабуылы қауіпті көбейтіп барады. Парсы Шығанағындағы елдер: «Тегеран қаруына сеніп, аймақта әмір жүргізе ме?» деп алаңдайды. Сол себепті Иранның әскери әлеуетін әлсірету қажет деп санайды.
Ал Құрама Штаттар: «Иранға қарсы соғысқа қосылыңдар» деп отыр. Бірақ Парсы елдері әзірге үнсіз. Оңтүстік Кореяның да Ормуз бұғазына әскери кемелерін аттандыратын ойы жоқ. Ресми Сеул «АҚШ өтініш қылса, конституцияға сай шешім қабылдаймыз» деп мәлімдеді.
Тегтер #Парсы елдері #Иран #соғыс #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz