Ирандағы жалғыз әрі алғашқы «Бушер» атом электр станциясы шабуылға ұшырады. Мұны Иранның Атом энергетикалық ұйымы мәлімдеді. АҚШ-Израиль шабуылдарының салдары бұл.
Ақпарға сәйкес, Бушер қаласындағы нысан орналасқан аумаққа зымыран түскен. Ұйым бұл шабуылдың халықаралық ережеге нұқсан келтіретінін мәлімдеп, Халықаралық Атом энергиясы агенттігін құлағдар етті.
МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси қақтығыс кезінде ядролық апат болмас үшін тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.
Жергілікті Tasnim ақпарат агенттігі зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Тегтер #Иран #АЭС #атом электр станциясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz