RU
Толық нұсқаға өту

Қатар мен Иран арасы ушығып барады

19.03.2026, 08:50 60

Қатар мен Иран арасы да ушыға түсті. Доха Ислам Республикасы дипломаттары елден кетсін деп талап етіп отыр. Ресми мәлімдеме Қатардың Сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланды.

Әскери атташе мен қауіпсіздік жөніндегі атташе «персона нон грата» деп жарияланды. Оларға елден кетуге 24 сағат уақыт берілді. Бұған Иранның Қатардағы Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағына соққы беруі себеп. Бұл әлемдегі табиғи газ өндірісінің ең ірі орталығы саналады. «Енді бұл шабуылдың салдары нарықтағы көгілдір отынның бағасына әсер етуі мүмкін», - дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz