12 елдің Сыртқы істер министрі Иранның Парсы шығанағына бағытталған соққыларын айыптады.
Араб елдері, Түркия, Пәкістан және Әзербайжан жасаған бірлескен мәлімдеме Сауд Арабиясының астанасы Риядта өткен жиында жасалды. Тараптардың пікірінше, Иранның шабуылдары салдарынан тұрғын үйлер мен азаматтық нысандарға қауіп төнеді. Сондай-ақ араб елдері өз қауіпсіздігін сақтауға толық құқылы екені айтылды. Ал Иран Біріккен Араб Әмірліктерін АҚШ-қа қолдау көрсетті деп айыптап отыр. Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Иран елшісі Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысына хат жолдаған. Онда өз территориясын өзге елдің әскери мақсатта пайдалануына рұқсат беру халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді деп жазылған. Осыған сүйеніп Тегаран Әмірліктен материалдық және моральдық шығынның есебін өтеуді талап етті.
Тегтер #сыртқы істер министрі #Иран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz