АҚШ, Таяу Шығыстағы әскерін көбейтеді.
Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасаған "Рейтер" агенттігі хабарлады. Америкалық сарбаздардың жаңа құрамы Иран жағасына жақын маңға, және Харг аралына жіберілуі мүмкін. Бұл жерлер арқылы Иранның мұнай экспортының негізгі бөлігі өтеді. Дональд Трамп әкімшілігі байытылған уран қорына бақылау орнату операциясын да қызу талқылап жатыр. АҚШ тарапынан Иранға жаяу әскер кіргізу мәселесі әлі шешілген жоқ.
Тегтер #АҚШ #Таяу Шығыс #24KZ #Иранмен соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz