Қарақалпақстанда тұрып жатқан қандастар салт- дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпақты ұлттық өнермен сусындатып келеді.
Қазақтар жиі қоныстанған аудандарда 150-ге тарта қазақ мектебі жұмыс істейді. Нөкіс қаласында екі бірдей жоғарғы оқу орны орта білім ошақтарына маман даярлайды.
Нөкіс қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық тағам әзірлеуден сайыс өтті. Ерекше фестивальге жиналған ағайын бармағынан бал тамған аспаздардың өнерін тамашалады.
Теңелбай Мәмбеткәрімов, Қараөзек ауданының тұрғыны:
- Қатық, қауынның тосабы және сарымайды араластырып, ақсаулақ тағамын дайындадым. Біз айран немесе түйенің шұбаты, жылқының қымызы осындай сусындарды ұсынамыз.
Қарақалпақстан қазақтың ұлттық өнерінен кенде емес. Салт-дәстүрді дәріптеп жүрген азаматтар, киіз үй құрастырушы шеберлер де баршылық. Олар елде өткізіліп жататын түрлі шаралардан шет қалмайды.
Асхат Үмбетаев, Қарақалпақстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:
- Музыка мектептері бар аудандарда. Күй үйретеді, домбырада ән салуды үйретеді. Таланттарымыз бар, солардың өнерін шыңдап, жетілдіріп отыру негізгі мақсат.
Қоӊырат, Мойнақ және Тақтакөпір аудандарында қандастарымыздың қатары мол. Қазақ мектептері сақталған. Енді білім ордаларын оқулықтармен және мамандармен қамтамасыз ету міндеті тұр.
Асхат Үмбетаев, Қарақалпақстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:
- 150-ге тарта қазақ мектептері бар, ана тілінде балалар білім алады. Онда 20 мыңға жуық бала қазақ тілінде білім алады. Мемлекеттік университетіміз бар, жыл сайын 30 түлек бітірелі, қаза мектептеріндегі балаларды оқытатын маман даярлайтын мүмкіндік осындай.
Қарақалпақстанда 300 мыңға жуық қандасымыз бар. Олар жырақта жүрсе де салт дәстүрді берік ұстанып, өз тілінде сөйлеп, балаларына ұлттық құндылықтарды сіңіруге барынша күш салуда.
Дулат Нуркин
Тегтер #қарақалпақстан #қандас #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz