RU
Толық нұсқаға өту

БАҚ: АҚШ Иранға құрлық әскерін жіберуі мүмкін

20.03.2026, 20:04 65

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды. Мақалада негізгі міндеттердің бірі халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені жазылған.

Басылым дерегі бойынша, Ақ үй дайындық аясында Жапониядан 2 мыңнан астам теңіз жаяу әскерін жіберген. Десанттық кеме Таяу Шығысқа шамамен бір аптада жетеді. Дональд Трамп қажет болған жағдайда Иранның оңтүстік жағалауына жақын бірнеше аралды, соның ішінде Ормуз, Кешм, Киш және Харк аралдарын басып алу мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Бұл – Иран мұнай экспортының 90 пайыздан астамы өтетін стратегиялық маңызды торап. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы мұндай әрекет жағдайдың ушығуы ретінде бағаланатынын ескерткен еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz