АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз қайта жанданады. Кездесу 21 наурызға белгіленген. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Ертеңгі жиында көтерілетін басты тақырып – Украинадағы қақтығысты реттеу. Киев делегациясын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров бастап барады. Кездесу әуелде Абу-Дабиде жоспарланған болатын. Аймақтағы жағдайға байланысты кейін АҚШ-қа ауыстырылды. Алайда басқосу нақты қай қалада өтетіні әлі белгісіз.
Тегтер #АҚШ #Украина #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz