Өзбекстанда наурыз мерекесі кеңінен тойланады.
Мемлекетке алыс-жақын шет елдерден 1 млн жуық турист келеді деген болжам бар. Содан болар қазір барлық қонақүйлермен қызмет көрсету орталықтарында, такси бағасы біршама өскен. Ұлыс күнінде қауіпсіздікке де аса мән беріледі. 20 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіпті қадағалауға жұмылдырылады.
Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге ауа райы қолайлы болып тұр. Бүгін Ташкеннте температура 18 градусқа дейін жылыды. Ал демалыс күндері 25 градусқа барады деген болжам бар. Тұрғындардың жаңа жылдық көңіл күйін білу үшін ташкент тұрғындарын сөзге тартып едім. Тыңдап көрейік.
БЛИЦ
1. Наурызда ауа райы жылынып, күн ұзарады. Адамдар бірін-бірі жаңа жылмен құттықтайды. Бізге бұл мейрам сонысымен қызық. Парктерде түрлі тағамдар пісіріледі. Сумаляктан ауыз тиюге асығамыз.
2. Бұл күні біз мерекемен құттықтап, бір-біріміздің үйімізге барамыз. Түрлі тағамдар пісіріледі. Наурыздың біз үшін маңызы зор. Жалпы Орта Азия елдерінде ұлыс күні кеңінен аталып өтетінін білемін. Біз бұған қуанамыз.
3. Наурыз мерекесі бізде кеңінен тойланады. Жаңа жылымыз болғасын ерекше атап өтуге тырысамыз. Қалада көптеген іс шаралар өтеді. Сонда барып, тойлаймыз.
Дулат Нуркин, тілші:
- Өзбек халқының наурыз мерекесінде дайындайтын сумаляк деген тағамы бар. Біздің наурыз көже сияқты. Бірақ оны дайындау уақыты өте ұзақ. Бір тәулік бойы қайнатылады. Тағамнан барлық адам дәм татуы керек. Сумаляктан ауыз тиген адамның жыл бойы жолы болады деген тәмсіл бар. Айтпақшы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 20 мыңнан астам құқық қорғау өрт сөндіру және медицина қызметкерлері жұмылдырылады. Шетелдерден бір млн нан астам турист келеді деген болжам бар. Жолаушылардың құлағына алтын сырға, бұл күндері қонақ үйлер мен демалыс орындары, такси қызметінің бағасы шарықтап кетеді.
Дулат Нуркин
Тегтер #Таңдаулы #Өзбекстан #Наурыз мерекесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz