Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлік нарығындағы сатылым көрсеткіші алдыңғы аймен салыстырғанда 50 пайызға құлдырады. Бұл – Goldman Sachs сарапшыларының мәліметі.
Дубайдағы тұрғын үйлер АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғыс бастағаннан кейін 3 аптадан соң арзандай бастады. "Рейтер" агенттігі қаланың танымал аудандарындағы баға 15 пайызға дейін төмендегенін хабарлады. Мамандар Иранның Израильді, АҚШ-тың әскери базалары мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты Парсы шығанағы елдеріне соққылар жасауы Дубайдың әлемнің түкпір-түкпіріндегі бай адамдар үшін қауіпсіз пана бола алады деген мәртебесіне нұқсан келтірді деп есептейді.
Тегтер #Дубай #тұрғын үй #нарық #БАӘ #құлдырауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz