Израиль Ливанның оңтүстігін орталық аймақтармен байланыстыратын негізгі көпірді қиратты.
Цахал бұл өткелді «Хезболла» қозғалысы зымырандар мен ұшыру қондырғыларын тасымалдау үшін пайдаланды деп мәлімдеді. Кейінгі бірнеше тәулікте ұйымның 15 қолбасшылық орталығына соққы жасалды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Израиль қорғаныс армиясының Бас штаб басшысы Эяль Замир «Хезболлаға» қарсы құрлықтағы операция кеңейтілетінін жариялады. Ливан президенті Джозеф Аун бұл әрекетті қатаң айыптады.
Ал Human Rights Watch: «Азаматтық инфрақұрылым нысандарын бомбалауды әскери қылмыс», - дейді.
Тегтер #көпір #зымыран #Хезболла #операция #Израиль #ЛиванPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz